$ 522.49  547.88  5.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жабылады

Алайда теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істей береді

16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жабылады
Фото: depositphotos.com

16-17 желтоқсан күндері Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алайда теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істей береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктері туралы келісімге сәйкес, екі елдің мерекелік күндерінде өткізу пунктерінің жұмысы уақытша тоқтатылады.

«Жақын арада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 16-17 желтоқсан аралығында қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Осыған байланысты комитет тасымалдаушыларға маршруттарды алдын ала түзетіп, өткізу пункттері жұмысының кестесіндегі ықтимал өзгерістерді ескеруді ұсынады», - делінген хабарламада.

Комитет өткізу пунктері жұмысының өзгеруіне жедел ден қою және тасымалдаушыларды уақытылы хабардар ету үшін көрші елдердің құзырлы органдарымен белсенді ынтымақтастық жасауда.

Серіктес жаңалықтары