$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда лицензиясыз білім беру қызметімен айналысқан серіктестікке айыппұл салынды

Сот қаулысы заңды күшіне енді

Атырауда лицензиясыз білім беру қызметімен айналысқан серіктестікке айыппұл салынды
Фото: istockphoto.com

Атырауда 1 қыркүйектен бері лицензиясыз және тиісті рұқсатсыз білім беру қызметімен айналысып келген ЖШС анықталды. Сот қаулысымен серіктестікке айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында серіктестіктің заңсыз қызметіне қатысты ҚР Әкімшілік әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 463-бабының 1-бөлігі (Лицензиясыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) іс қаралды.

«ҚР «Білім туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңдарына сәйкес, білім беру қызметін жүзеге асыру үшін лицензия және рұқсаттың болуы талап етіледі. Алайда ЖШС-нің 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап лицензиясыз және тиісті рұқсатсыз білім беру қызметімен айналысып, 2024-2025 оқу жылына 318 оқушыны қабылдағаны анықталды. ЖШС-нің әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны іс-материалдарымен дәлелденді», - делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысымен ЖШС-ға ҚР Әкімшілік әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 463-бабының 1-бөлігімен 64 610 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл – салынған айыппұлдың жалпы сомасының 30 пайызы.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары