$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында жеңіл көлік газ құбырына соғылып, тұрғындар жылусыз қалды

Автокөлік соқтығысқаннан кейін екі жерде газ құбыры толық жарылған

Түркістан облысында жеңіл көлік газ құбырына соғылып, тұрғындар жылусыз қалды
Фото: depositphotos.com

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жеңіл көлік газ құбырына соғылып, салдарынан 6 мыңнан астам жеке сектор абоненті жылусыз қалды, деп хабарайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті Otyrar.kz арнасының жхабарлауынша, оқиға 10 желтоқсан сағат кешкі 22:00 шамасында болған. Мамандар апатқа BMW маркалы автомобильдің жоғары қысымды жер үсті газ құбырына соғылуы себеп болғанын анықтады.

Автокөлік соқтығысқаннан кейін екі жерде газ құбырының толық жарылуы, сондай-ақ 40 метрден астам газ құбырының деформациясы орын алған.

«Апат салдарынан 21 өнеркәсіптік кәсіпорын, 153 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын, 6 821 жеке сектор абоненті газбен жабдықтаусыз қалды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды. Зақымдалған газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары дереу басталды. Оқиға орнында «QazaqGaz Aimaq» АҚ авариялық-қалпына келтіру қызметінің 40-тан астам өндірістік персоналы жұмыс істейді», - делінген «QazaqGaz Aimaq» АҚ баспасөз қызметі хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары