11.12.2024, 16:31
Жаңалықтар
Айбек Оралбай Азияның екі дүркін чемпионы атанды
Ол екі жыл бұрынғы жетістігін тағы қайталады
Фото: Сәли Сабиров, Қазақстан ҰОК
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында +92 кг салмақта сынға түскен Айбек Оралбай алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аса ауыр салмақтағы (+92 кг) боксшы екі жыл бұрынғы Аммандағы жетістігін тағы қайталап, жеңімпаз атанды. Ол финалда Қытай өкілі Абудурешити Ремуланы сан соқтырды. Осылайша, Айбек командаға кезекті алтынды салды.
Айта кетейік, спортшымыз жартылай финалда өзбек боксшысы Жахонгир Зокировпен кездесіп, сенімді жеңіске жеткен болатын.
Париж Олимпиадасында Айбек Оралбай 1/4 финалда сүрінген болса, оның егіз бауыры Нұрбек күміс медальға қол жеткізген болатын.
Көп оқылған
04.08.2026, 09:18
Жасы 50-ге жақындағандар да бар: эфирге іш киіммен шығып, боғауыз сөйлеген стримерлер қамалды (ВИДЕО)
04.08.2026, 14:46
Жағдайы ауыр: Солтүстік Кипрде қазақ қызына қастандық жасалды
04.08.2026, 17:02
Солтүстік Кипрде пышақталған бойжеткен Қырғызстан азаматы болып шықты
04.08.2026, 15:25
Ақтөбеде үш жігіт 2 миллион теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды
04.08.2026, 13:03
Астанада ЭКСПО-ның жанында ер адамды көлік қағып кетті (ВИДЕО)
04.08.2026, 15:11
Өскеменде көпірден секіріп кеткен ер адамның мәйіті табылды