Антикор парақорлық бойынша күдікке ілінген өз қызметкерін қамауға алды
Ол халықаралық іздеу бойынша қолға түсті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз қызметкері, яғни парақорлық бойынша күдікке ілінген Шымкент қаласы бойынша аумақтық департамент басшысының бұрынғы орынбасары Д.Қожабаевты халықаралық іздеу арқылы қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство оған қатысты қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бірінің директорынан қылмыстық жауаптылықтан босатқаны үшін пара алды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Алайда, Қожабаев тергеуден қашып кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланды.
«Осы жылдың 30 қарашасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұстап, тергеу изоляторына қамады», - делінген Антикор хабарламасында.