Шавкат Рахмонов Иэн Гэрриді жеңгені үшін қанша табыс тапты

Автор: Дәулет Ботагөз

Бұл Шавкат Рахмоновтың UFC ұйымындағы жетінші кездесуі болған еді

Фото: видеодан скриншот

Казақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде Иэн Гэрриді жеңгені үшін 450 мың доллар табыс тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл соманың 350 мың доллары кепілдендірілген гонорар болса, қалған 100 мың доллары жеңіс үшін сыйақы ретінде берілді», — деп жазды басылым.

Айта кетейік, бұл Шавкат Рахмоновтың UFC ұйымындағы жетінші кездесуі және кәсіби мансабындағы 19-жеңісі болды. Сонымен қатар оны бұл жеңісімен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады.