08.12.2024, 17:10
Жаңалықтар
Жамбыл облысында жүк көлігі отқа оранды
Оған жеңіл автокөліктер тиелген болып шықты
Фото: ТЖМ
Жамбыл облысында жеңіл автокөліктер тиеген автотасығыш өртеніп, өрт сөндірушілер көлікті оттан аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жамбыл ауданында республикалық маңызы бар «Алматы — Ташкент» автожолының 531-шақырымында автотасығыштың артқы дөңгелектері өртенген. Көлікте сегіз жеңіл автокөлік болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — делінген хабарламада.
Автовоз жүргізушісі өрт сөндірушілер келгенше үш көлікті жалыннан құтқарып үлгерген. Қалған көліктер мен жүк көлігінің жалпы жағдайы тергеу барысында нақтыланбақ.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты