COVID-19: Өзбекстан 39 мың азаматын эвакуациялады
Ташкент тағы 12 мың адамды қайтаруды жоспарлап отыр

Өзбекстан коронавирус инфекциясының таралуымен күресу шаралары аясында 39 мың адамды басқа мемлекеттерден шығарды, тағы 12 мыңын қайтару жоспарланған, деп мәлімдеді республика президенті Шавкат Мирзиёев. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлайды.
«Біз аурумен күресумен қатар, шетелде жүрген азаматтарымызға да қамқорлық жасаймыз. Бүгінгі күнге дейін 39 мың адамды отанына қайтардық. Шетелде қиын жағдайға тап болған 12 мың адамды қайтару үшін қажетті көмек көрсету және басқа да шараларды қабылдау шаралары қабылдануда », - деді Мемлекет басшысы.
Еске салсақ, бір ғана Ресей Өзбекстанға 55 мыңнан астам азаматын алып кетуді сұраған. Өзбекстан әуе жолдары отандастарын шетелден әкету үшін чартерлік рейстер бағдарламасын іске қосты. Әзірге 24 мамырға дейінгі рейстер кестесі жарияланды.