$ 494.84  537.4  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының атынан жалған хабарламалар тарап жатыр

Агенттік азаматтарды жалған хабарламаларға сенбеуге шақырды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының атынан жалған хабарламалар тарап жатыр
Фото: © istockphoto.com

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының атынан жалған хабарламалар тарап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Телеграм және WhatsApp мессенджерлерінде алаяқтар жалған аккаунттар ашып, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың атынан хабарламалар таратып жатыр. Белгісіз тұлғалар бұл әрекеттері арқылы қандай да бір мәліметтерді алып, алаяқтық әрекеттер жасауға тырысады. Осыған байланысты азаматтарды жалған хабарламаларға сенбеуге, оларға жауап бермеуге және күмәнді сілтемелерді баспауға шақырамыз», – делінген агенттік хабарламасында.

Агенттік азаматтарды мұқият болуға және жеке деректерді қорғауға ерекше мән беруге шақырды. Сонымен қатар жалған ақпаратқа тап болған жағдайда, құқық қорғау органдарына немесе агенттікке хабарласуды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары