Павлодарда мас жүргізуші ауладағы екі көлікті соғып, апатты жағдай тудырды (ВИДЕО)
Құқық бұзушының автокөлігі арнайы тұраққа қойылды
5 желтоқсанда полиция қызметкерлеріне Естай көшесіндегі 91 үйдің ауласында жол-көлік оқиғасы туралы шақыру келіп түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мекен-жайға келген полицейлер Honda маркалы автокөліктің жүргізушісі көлік жүргізу кезінде рөлге ие бола алмай, аулада тұрған екі көлікті қағып, содан кейін ағашқа соғылғанын анықтады
«Медициналық куәландыру жүргізушінің мас болғанын растады. Құқық бұзушының автокөлігі арнайы тұраққа қойылды. Көлік құралдары мен өзге де құрылыстарға зақым келтірген жүргізуші көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жауапқа тартылды. Материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ, полиция ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізуде»,-деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.