04.12.2024, 15:56
Жаңалықтар
Жеңіл көлік пен трактор соқтығысты: жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Жеңіл көлік қарсы бағытқа шығып кеткен
Фото: istockphoto.com
Жетісу облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жеңіл автомобиль мен К-700 тракторы соқтығысқан.
Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Mercedes автокөлігінің жүргізушісі Балпық Би – Қарабұлақ автожолында қарсы жолаққа шығып кетіп, К-700 мамандандырылған техникасымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды», – деді полиция департаменті.
Көлік құралдары мамандандырылған автотұраққа орналастырылған.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
