$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаевтың әкесіне арнаған кітабы моңғол тіліне аударылды

Кітапты моңғол тіліне әйгілі моңғолтанушы ғалым Юрий Кручкин аударған

Тоқаевтың әкесіне арнаған кітабы моңғол тіліне аударылды
Фото: gov.kz

Моңғолия Сыртқы қатынастар министрлігінің ғимаратында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз әкесі – белгілі жазушы Кемел Тоқаевқа арнаған «Әке туралы ой-толғау» атты кітабының моңғол тіліндегі басылымының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кітаптың таныстыру рәсіміне Моңғолияның бірінші президенті Пунсалмаагийн Очирбат пен үшінші президенті Намбарын Энхбаяр, Моңғолия ұлы мемлекеттік хуралының мүшесi Зүлфыхар Сарқытұлы, кітапты моңғол тіліне аударған әйгілі моңғолтанушы ғалым Юрий Кручкин, басылымды редакциялаған Моңғолияның халық жазушысы Сұлтан Тәукейұлы қатысқан.

Сонымен бірге, Моңғолияның белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми және сарапшы топтардың, зиялы қауымның және БАҚ өкілдері, бұл іс-шараға арнайы Қазақстаннан келген ғалымдар, ақын-жазушылар мен тілшілер қатысты.

Қонақтар кітап туралы ой-пікірлерін білдіріп, қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың өмір жолы мен шығармашылығы жөнінде қызықты деректерімен бөлісті.

Серіктес жаңалықтары