«Офицерлердің әйелдеріне қиын болды»: танымал трансгендер Амилай әскерге шақырылды
Оған алдымен қоңырау шалып, артынша SMS-хабарлама келген
Қазақстандық танымал трансгендер Амилайға әскерге шақыртылғаны туралы хабарлама келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Трансгендердің айтуынша, әскери комиссариаттан телефон арқылы қоңырау шалып, артынан SMS-хабарлама келген.
«Маған хабарласып, «Брат, қай жылғысың деп сұрайды. Мен брат емес, сестрамын деп жауап бердім». Содан трансгендер Амилаймын деп түсіндірдім. Маған паспортымды алып, дүйсенбі күні келуімді айтты», - дейді ол.
Ал трансгендердің өзі әскерге шақырылғаны туралы ойын айтты.
«Қой, армияға баруға дайындалайын. Шашымды қайтадан ұзартып жасатайын. Кірпігімді жасатайын. Әдемі болып бармаймын ба», - дейді трансгендер.
Оның әскерге шақырылғанына желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Офицерлердің әйелдеріне қиын болды», «Енді әскерге трансгендерлер де шақырылып жатыр, ал сен әлі жүрсің деп айтатын болды ғой», - деп жазды желі қолданушылары.