Алты сыбайласы жауапқа тартылады: неке қиған күнінде өлтіріп кеткен жас жігіттің ісі жайлы айтылды
Тергеу жүргізіліп жатыр

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бір ай бұрын облыста түнгі ойын-сауық мекемесіндегі төбелес кезінде көз жұмған жігіттің ісіне қатысты тың деректі айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Кінәлі адам ұсталды. Оның әрекеті «қасқана адам өлтіру» бабы бойынша белгіленді. Ол қазір тергеу изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тағы 6 адам сыйбайласы ретінде «Тәртіпсіздік» бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл кешкі уақытта болған қылмыс еді. Сотқа дейінгі тергеу аясында түнгі мекемелердің санитарлық және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі де тексеріледі. Бұл бойынша құқықтық баға беріледі», - дейді Марат Ахметжанов.
Еске салсақ, 12 қарашада Көкшетаудағы ойын-сауық орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын біреулер өлтіріп кетті. Желідегі ақпараттарға сүйенсек, қайғылы оқиға жас жігіттің неке қиған күнінде болған.