$ 513.68  583.03  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазақтелекомның» өңірлік филиалы мемлекетке 450 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді

Лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу басталды

«Қазақтелекомның» өңірлік филиалы мемлекетке 450 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді
Фото: «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімше болып табылатын «Қазақтелеком» АҚ филиалы – сервистік фабрикасының лауазымды тұлғаларына қатысты өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Филиалдың бұрынғы бас директоры мен бірқатар қызметкерлері мемлекет мүддесіне қайшы және кәсіпкер үшін пайда табу мақсатында оған Тараз қаласындағы Қоғамның әкімшілік ғимаратын көрінеу төмен бағамен сатқан деп күдіктенеді.

«Олардың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 450 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілді. Келтірілген зиянды өтеу жөніндегі қамтамасыз ету шаралары ретінде жоғарыда аталған нысанға тыйым салынды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары