Әлеуметтік төлем, жәрдемақы және шәкіртақы: министр 2025 жылдан бастап қандай төлемдер өсетінін айтты
2025 жылы әлеуметтік төлем 12,5 пайызға өспек

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров үкіметтегі баспасөз конференциясында келесі жылдан бастап өсетін төлемдер жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2025 жылдан бастап орта зейнетақы 8,5 пайызға, әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 6,5 пайызға жыл сайынғы индексте жүзеге асырылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақының көлемі кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. 2025 жылға арналған республикалық бюджетте әлеуметтік төлемдердің 42 түріне 6 трлн теңгеден астам шығыстар көзделген. 2024 жылмен салыстырғанда өсім 12,5 пайызды құрайды. Баласы бар 2 млн-ға жуық отбасы мемлекеттен әлеуметтік төлемдермен, жәрдемақылармен қамтылады», - дейді ол.
Министр атағандай, 2025 жылдан бастап балалары бар отбасыларға жәрдемақы төлеу үшін 875 млрд теңге қарастырылады.
«Әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды республикалық қолдау АӘК арқылы жалғасады. Биылғы қарашада АӘК-ті 76 мың отбасы немесе 403 мың мың адам алды. Атаулы әлеуметік көмек төлемдерін қайта қарау аясында азаматтар шығыстарын ескере отырып, отбасының цифрлық картасын пайдалана отыра, АӘК төлемін трансформациялап, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен біріктіру жоспарланып отыр», - деді ол.
Министр 2025 жылғы қыркүйектен бастап стипендия көлемі артатынын айтты.
«Бакалавриат бойынша 20 пайызға магистратура мен докторанттарға 15 пайызға артады. Ғылыми ұйым мен қызметкерлердің лауазымдарына қатысты 18 пайызға ұлғайтылады, 2025 жылдың қаңтарынан бастап тағы да 18 пайызға артады», - деді Байбазаров.