02.12.2024, 04:00
Жаңалықтар
Боксшы Балауса Мұздыманға қарсылас табылмай жатыр
Бұл туралы оның промоутері айтты
Фото: muzdi___/Instagram
Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман 20 желтоқсанға белгіленген жекпе-жегіне қарсылас таппай отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Промоутер-менеджерінің мәлімдеуінше, боксшының алдағы кездесуіне лайықты қарсылас іздеу мәселесі туындаған.
«Көптеген қарсыластар жекпе-жекке шығудан бас тартып жатыр немесе деңгейі сәйкес келмейді. Мұндай қиындыққа тап боламыз деп күтпедік», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Балауса Мұздыман 1 маусымда Алматыда өткен HAS Pro Boxing бокс кешінде үндістандық қарсыласын жеңіп, кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісіне қол жеткізген еді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты