$ 524.58  551.91  4.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда айыппұлдары төленбеген екі жүргізуші анықталды

Олардың көліктері арнайы тұраққа қойылды

Атырауда айыппұлдары төленбеген екі жүргізуші анықталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Атырауда патрульдік полиция қызметкерлері төленбеген айыппұлдары бар екі көлік жүргізушісін анықтады. Оқиға «Қорғау» жүйесі арқылы жүргізілген тексеріс барысында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция тоқтатқан Volkswagen Jetta автокөлігінің жүргізушісінде жалпы сомасы 455 848 теңгені құрайтын 16 төленбеген айыппұлы болған. Ал Toyota Estima автокөлігінің жүргізушісінің үш айыппұлы анықталды. Сонымен қатар екі жүргізуші де көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, автокөлік басқарған.

«Аталған фактілер бойынша Toyota Estima автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісіне және Volkswagen Jetta автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісіне қатысты хаттамалар толтырылып, көліктер арнайы тұраққа қойылды. Іс материалдары мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.

Полиция төленбеген айыппұлдар мен жүргізушілік құқықтан айыруға қатысты талаптарды сақтаудың маңыздылығын еске салады. Мұндай заңбұзушылықтар жауапкершілікке тартуға және қосымша шаралар қолдануға әкелуі мүмкін.

 

Серіктес жаңалықтары