01.12.2024, 17:20
Жаңалықтар
Азия чемпионатындағы жекпе-жекте екі қазақстандық боксшы жеңіске жетті
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады
Фото: Қ Р ҰОК
Тайландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының екінші күні қазақстандық боксшылар үшін сәтті өтті. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .
«57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Оразбек Асылқұлов Малайзиядан келген Зульхайлан Мохамадты сенімді түрде жеңіп, ширек финалға жолдама алды», — деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, 60 келі салмақта Бейбарыс Жексен өз жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол өзбекстандық қарсыласы Дильшод Абдумұрадовты төрешілердің шешімімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды