$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан тұрғындарынан діни мазмұндағы 39 кітап тәркіленді

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Түркістан тұрғындарынан діни мазмұндағы 39 кітап тәркіленді
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Түркістан тұрғындарынан діни мазмұндағы 39 кітап тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көліктегі ПД екі ер адамға 369 200 теңге айыппұл салынғанын мәлім етті. Әбу-Даби – Түркістан бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін әуежайда тексеруден өту кезінде Түркістан қаласының 59 жастағы екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген тексеру барысында ұсталғандардан діни мазмұндағы 39 кітап табылып, тәркіленді.

 «Құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, олардың әрқайсы 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшеріндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары