28.11.2024, 21:24
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Албания халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент екі елдің сан қырлы байланыстары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді
Фото: t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Албания Президенті Байрам Бегайға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент Албания мемлекетінің әлемдегі мәртебесі асқақтап, халқының ырыс-берекесі арта беруін тіледі. Сондай-ақ Астана мен Тирана арасында мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достық қалыптасқанын атап өтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің сан қырлы байланыстары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды