Алматының іргесінде 5000 жылдық тарихы бар үңгір суреттері табылды
Олар қола, ерте темір дәуіріне жатады
Алматының іргесінде археологтар 5000 жылдық тарихы бар ежелгі жәдігерлерді тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Almaty.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Үңгір суреттері Байзақ ауданы Қарасай шатқалындағы Ботамойнақ тауында орналасқан.
Ғалымдар олардың 5 мың жыл бұрын салынғанын айтты. Жартастарда жануарлар, сондай-ақ аң аулау элементтері мен стильдері бейнеленген.
Мамандардың айтуынша енді мұнда туристер келе алады. Орын арнайы тақтайшалармен жабдықталып, адамдарға жағдай жасалды. Бүгінгі таңда аймақта петроглифтері бар 100-ге жуық тарихи ескерткіш бар, деп атап өтті археологтар.
«Біз болашақта тағы бір осындай орын табылады деп сенеміз. Бұл петроглифтер қола дәуіріне және ерте темір дәуіріне жатады. Осы бейнелер арқылы олар өздерінің дүниетанымын, қоршаған әлемге деген көзқарастарын жеткізуге тырысты», - деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байғұнақов.