$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында интернет-алаяқтық белең алып тұр: 11 айда 700-ге жуық адам ақшасынан айырылған

Жыл басынан бері небәрі 60-тан астам адам ғана ақшасын қайтарып алған

Абай облысында интернет-алаяқтық белең алып тұр: 11 айда 700-ге жуық адам ақшасынан айырылған
Фото: freepik.com

Абай облысында жыл басынан бері 660 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құқық қорғау органдарының қабылдаған шараларының нәтижесінде 11 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды, бұл 60-тан астам факті бойынша жүзеге асырылды. Полиция департаментінің мәліметінше, бұған дропперлерден қайтарылған қаражат кірмейді.

«Уақытында хабарласу қаржы қаражаттарын табысты қайтаруда шешуші рөл атқарады. Жәбірленуші көмекке неғұрлым тезірек жүгінсе, заңсыз шығарылған қаражатты бұғаттау және оны иесіне қайтару мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады», – деп атап өтті Абай облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан.

Азаматтарға кез келген алаяқтық немесе қате аударымдар туралы дереу жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласу ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары