19.05.2020, 11:51
Жаңалықтар
Челах отырған түрмеде 19 адамнан коронавирус инфекциясы расталды
Вирус жұқтырғандардың барлығы ауруханаға жатқызылған
Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында коронавирус жұқтырған 19 адам анықталды. Олардың барлығы қалалық ауруханаға жатқызылып, тиісті ем-дом қабылдап жатыр.
Ресми ақпаратқа сәйкес, ауру жұқтырғандардың 11-і ер адам болса, қалған сегізі – әйел. Барлығы қылмыстық атқару жүйесінің 161/3 мекемесінде жұмыс істейді. Науқастардың жасы – 21-54 аралығында. Бұған дейін бәрі коронавирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған.
Түрме қызметкерлері казармада тұрған. Қалаға ешкім шыққан жоқ.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қостанай облысында 98 науқас тіркелген. Ал республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 6 751 адамға жетті.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты