$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бағасы - 50 мың теңге»: Ерке Есмахан өзі ойлап тапқан әшекейді сатылымға шығарды

«Ерке Сотуар» - іші күміс, сырты алтын жалатылған бұйым

«Бағасы - 50 мың теңге»: Ерке Есмахан өзі ойлап тапқан әшекейді сатылымға шығарды
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан көпшілікке өзінің жаңа туындысын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өнер иесі ерекше жаңалығымен Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Бірнеше күннен бері оқырмандарына өз брендін таныстыратынын ескертіп жүрген Ерке бүгін қыз-келіншектерге арнап әшекей шығаратынын жариялады.

«Мен сызылтып салатын әндей әдемі, нәзік, мағыналы мойнымдағы «Ерке Сотуар»! Бүгін көптен бері айтып жүрген туындымды сіздерге таныстырамын! Ол - осы суретте көзге оттай басылып тұрған әшекей! Көздің жауын әдемілігімен алып тұр. Сұлулығымен қоса терең мазмұнды! Әр әйелдің бақытын құрайтын денсаулық, отбасы, сәби сүю, карьера, сұлулық және байлық - бәрі бірікті. Әдемі туынды дүниеге келді. Еркенің бренді сіздерге сәттілік алып келсін, бағы жұғысты болсын. Шын жүректен тіледім», - деп жазды әнші.

Әнші жаңа әшекейді дайындау кезінде мағынасы терең, анадан қызына мұра боп қалатын құндылығы жоғары зат іздегенін айтты.

«Негізі бұл туындымды жолдасым екеуміз тек өзіме деп ойластырып жүрдік. Қолыма білезік қылып таққым келді немесе сақинағ сырға жасағым келді. Бірақ жүрек ұстағым кеп, сотуар еттім. Идея өзімдікі. Әр бөлшегі ақ ниетіммен жүзеге асты. Сосын уақыт өте ой келді: өз жеке басымды ғана ойламай, осы бұйымды неге әр қазақ қызына «жұғысты болсын» деп ұсынбасқа», - деді Ерке Есмахан.

Әншінің айтуынша, «Ерке Сотуар» - іші күміс, сырты алтын жалатылған бұйым. Әшекейдің құны – 50 мың теңге.

Сонымен, әнші өзі ойлап тапқан әшекейді сатуды бастап кетті.

Серіктес жаңалықтары