$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атып алған адам ұсталды

Оқиға 25 қарашаға қараған түні Ақши ауылында болған

Алматы облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атып алған адам ұсталды
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Алматы облысында Қызыл кітапқа енген аңды атып алған браконьер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, 25 қарашаға қараған түні «Охотзоопром» РМКК инспекторлары Алматы облысының Іле ауданындағы Ақши ауылының маңында жоспарлы рейд барысында жергілікті тұрғынды атпен жүріп бара жатқан жерінен ұстады. Тексеру барысында оның қолында Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген Қарақұйрық антилопасының түріне ұқсайтын жануардың еті табылды.

«Құқықбұзушы заңсыз аңшылық жасағаны үшін және алынған заттай айғақтармен Іле аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Бұл факт бойынша алдын ала тергеу басталды.

Сирек кездесетін және қорғалатын жануарларды заңсыз аулау немесе тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында жауапкершілік қарастырылған», - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары