$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Маған өте қатал болды»: Жазира Байырбекова енесімен қарым-қатынасы туралы айтты

Әнші енесінің өте мықты жан екенін тілге тиек етті

«Маған өте қатал болды»: Жазира Байырбекова енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Бейнеден кадр

Әнші Жазира Байырбекова «Момский әңгіме» подкастында қонақ болып, енесімен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әңгіме барысында әнші енесінің өте қатал болғанын атап өтті.

«Мен келіп болып түскенде енем жастау болды. Бірнеше жыл бұрын отағасынан айырылып, бала-шағаның бар жауапкершілігін бір өзі мойнына алған. Ал мен сол кездің өзінде сахнада жүрген жан болдым. Ол кісі мені өзін жұлдыз санап, дандайсып кетпесін деген оймен маған қатал болған шығар деп ойлаймын. Енем өмір бойы әкімдікте пол жуса да, айналасына өте сыйлы адам. Ешкім бетіне келіп сөйлей алмайды. Қазір қартайды, немерелерінің сүйікті әжесі болып отыр. Ол кісінің мықтылығына қызыға қараймын. Енемдей болғым келеді», - деді әнші.

Одан бөлек Жазира Байырбекова қырық жасқа келіп ұзақ жылдан кейін ана атанудың қандай бақыт екенін айтты.

«Мен Алладан үлкен махаббат сұраған едім. Сол махаббатты берді. Аллаға мың шүкір!», - деді өнер иесі.

Серіктес жаңалықтары