$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымбұлақта арқан жолда қалып қойған адамдар құтқарылды

Олар эвакуациялап, қауіпсіз жерге жеткізілді

Шымбұлақта арқан жолда қалып қойған адамдар құтқарылды
Фото: ТЖД

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Шымбұлақ тау-шаңғы курортында ерекше құтқару операциясын сәтті жүзеге асырды. Құтқарушылар арқан жолда қалып қойған демалушыларды эвакуациялап, қауіпсіз жерге жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқу-жаттығу сәтті өтті.

«Сценарий бойынша, арқан жолмен жоғары көтерілу кезінде электр энергиясының өшуінен жүйе апатты түрде тоқтаған. Кабина ішінде төрт адам қалып қойды. Олар ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз қалып, суық температура салдарынан үсік шалған. Кабина биіктігі төртқабатты ғимаратпен тең деңгейде болғандықтан, адамдар өз бетімен шыға алмаған», — деп жазылған хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаментінің үш бөлімшесіне бір мезетте бірнеше кабинаны эвакуациялау және зардап шеккендерді 1 сағаттан аспайтын уақытта қауіпсіз жерге жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсету міндеті жүктелді.

«Бұл тапсырманы орындау оңай болмады. Құтқарушылар биіктікте жұмыс істеп, арнайы альпинистік жабдықтарды пайдаланды. Зардап шеккендер жерге қауіпсіз түсіріліп, олар қажетті көмекті алды», —  деп атап өтті ТЖД өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Шымбұлақ