$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте заңсыз лотерея ұйымдастырған ер адамға айыппұл салынды

Ол 258 440 теңге төлейді

Шымкентте заңсыз лотерея ұйымдастырған ер адамға айыппұл салынды
Фото: © istockphoto.com

Шымкент қаласында заңсыз лотерея ұйымдастырған азаматқа 258 440 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«2024 жылдың маусым айында Шымкент тұрғыны Instagram парақшасында көлік пен ақшалай сыйлықтардың ұтыс ойынын ұйымдастыратынын жариялады. Лотереяға қатысу үшін билет құны 2 мың теңге болып белгіленген. Ұтысқа «Тойота» көлігі мен ақшалай сыйлықтар қойылған», — деп жазылған сот хабарламасында.

Шымкент қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл іске қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, заңды білмегенін айтып, өкінетінін жеткізді.

«ҚР ӘҚБтК 445-1-бабына сәйкес, заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл қарастырылған. Алайда сот жеңілдететін жағдайларды ескере отырып, айыпталушыға 258 440 теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды», — деп жазылған мәлімдемеде..

Серіктес жаңалықтары