Итбалықтардың қырылуы: шығын 1,5 млрд теңгеге бағалануы мүмкін
Қазан және қараша айларында итбалықтардың қырылуы тағы да тіркелген
Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында итбалықтардың жаппай қырылуы бойынша мониторинг жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Lada.kz порталының жазуынша, аймақтағы экологиялық кеңестің төрағасы, «ECOJER» қауымдастығының Маңғыстау облысындағы өкілі және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов итбалықтардың жаппай қырылуы бойынша келтірілген шығын шамамен 1,5 миллиард теңгеге бағаланатынын мәлімдеген.
«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы бұйрығына сәйкес, бір итбалықтың құны 193 АЕК немесе 712 556 теңге деп белгіленген. Бұл соманы шамамен 2000 итбалыққа көбейтсек, 1 425 112 000 теңге шығын шығады», – деді ол.
Әділбек Қозыбақов бұл жағдайдың себебін анықтау, кінәлілерді қатаң жауапкершілікке тарту және келтірілген шығынды өтеу бойынша нақты шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті.
Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының маманы Андрей Руцкийдің айтуынша, инспекторлар жағалауда күнделікті мониторинг жүргізіп жүп. Ол 23 қарашада теңіз жағалауында өлі итбалықтардың денелері табылмағанын, сондықтан оң болжам жасауға үміт бар екенін жеткізді. Сонымен қатар желдің бағыты өзгергені де жағдайға әсер етуі мүмкін.