$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Париж олимпиадасының жүлдегері Нұрбек Оралбай неге үйленбей жүргенін айтты

Ал желі қолданушылары жүргізуші Динара Сәтжанның сұрақтарын сынға алған

Париж олимпиадасының жүлдегері Нұрбек Оралбай неге үйленбей жүргенін айтты
Фото: instagram.com/oralbay_nurbek

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанның «Late night show» жобасында боксшылар Айбек пен Нұрбек Оралбай қонақ болды. Бағдарлама барысында спортшылар жеке өсірлері туралы сұраққа да жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жүргізушінің жеке өмір туралы қойған сұрағына жауап берген Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай қазіргі сәтте жүрегінің жартысын әлі жолықтырмағанын айтты.

«Жүрегім бос әлі. Өзіме ұнайтын қызды таппадым. Екеуміздің де мақсатымыз Олимпиадаға қатысу болғаннан кейін Айбек үйленген соң дайындыққа кірісіп кеттік. Қазір қыз іздеп жүрмін», - деп жауап берді Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай.

Ал желі қолданушылары жүргізуші Динара Сәтжанның сұрақтарын сынға алған.

«Неге бос? Не үйленбегенсің әлі? Қашан үйленесін? Деген сұрақтар жеке шекараны бұзатын сұрақтар деп ойламайсыз ба? Негізі бұндай сұрақтарға сіздің ойыңызша қалай жауап беру керек? Сәл 25 жасқа жақындаса осы неге тұрмыс құру жайлы сұраймыз? Бұл өмірдің мәні ме? Түсінемін еркек пен әйел бірін бірі тауып отбасы құрған абзал. Бірақ тағдыр сондай болса не істейді? Сонда әлі үйленбесе/ тұрмыс құрмаса второй сорт болады ма?» деген сынды пікірлер қалдырылған видео астында.

Серіктес жаңалықтары