Қызылорда облысында мас күйінде көлік жүргізген үш адам жауапқа тартылмаған
Қазір олар қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды
Қызылорда облысында масаң күйде көлік басқарған үш адамның жауапқа тартылмағаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның мәліметінше, апелляциялық өтінішхат арқылы оларға тиісті жаза тағайындалды.
«19.07.2024ж. масаң күйде көлік басқарған құқық бұзушы бөтен адамның автокөлігін айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға болған жерден бой тасалаған.
Шиелі аудандық сотының 18.09.2024ж.қаулысымен масаң күйде көлік басқарған тұлға жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан негізсіз босатылған», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, прокуратураның апелляциялық өтінішхаты нәтижесінде кінәлі адам 20 тәулік мерзімдегі қамауға алынды және 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.