«Қолымнан келгенін жасадым»: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі дүние салды
Қаралы хабарды қызы мәлім етті

Танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова анасы Нұрбике Ілімбайқызының қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Бүгін түнде біздің еліміздегі үлкен тұлға қайтыс болды. Заманбек Нұрқаділовтың қалыптасу жылдарында оның серіктесі болған әйел. Ақылды, білімді және саясатта сауатты Нұрбике Ілімбайқызы көз жұмды. Ол туралы көп айтуға болады. Осы үнсіз отырған жылдар ішінде ол Кеңес Одағы кезі мен одан кейінгі жылдардағы қазақ елі жайлы көп нәрсе айта алар еді. Оның қолдауымен көптеген жас саясаткер пайда болды. Ол барлық тарихи фактілерді жадында сақтады. Менің анамның даналығына оны білетіндердің бәрі таңданатын. Иманда бол, анашым, мен қолымнан келгеннің барлығын жасадым», - деп жазды Құралай Нұрқаділова.
Еске салса, Нұрбике Нұрқаділова мен Заманбек Нұрқаділов 27 жыл бірге тұрған. Олар 1995 жылы ажырасты.