18.05.2020, 22:04
Жаңалықтар
Елбасы Бейсен Құранбектің қазасына байланысты көңіл айтты
Бүгін белгілі журналист өмірден озды
Нұрсұлтан Назарбаев танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.
«Ол саналы ғұмырын отандық телевизияның дамуына арнады. Өз ісінің кәсіпқой маманы ретінде ұлттық ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосып, туған еліне адал қызмет етудің жарқын үлгісіне айналды. Талай тың әлеуметтік бағдарламалардың дүниеге келуіне септігін тигізді. Оның өнегелі өмірі мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін», - делінген жеделхатта.
Көп оқылған
15.05.2026, 14:09
«Жетпіс мың теңге үшін көкбауырын үзіп жіберген»: Алматы облысында тағы бір бозбала төбелестен көз жұмды
15.05.2026, 17:03
Жол сапасы назарда: Ақмола облысында ондаған зауыт тексеріліп жатыр
15.05.2026, 15:53
Семейде ер адам бүлдіршіндерге қарап тұрып, ұятсыз әрекет жасады (ВИДЕО)
16.05.2026, 10:38
Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды