20.11.2024, 09:34
Жаңалықтар
Қазақстанда тоғыз тасжолда ауа райы нашарлайды
«Қазавтожол» қауіпсіздікке көңіл бөлуге шақырды
Фото: depositphotos.com
«Қазавтожол» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 қарашада еліміздің 9 облысында ауа райы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2024 жылғы 20 қарашада Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында кей жерлерде қар жауады.
«Осыған байланысты жүргізушілерден қауіпсіздік ережелерін сақтауды және жолдардағы ауа райының нашарлауын ескеруді сұраймыз», - деп ескертті ұлттық компания.
Қазақстандықтар тәуліктің кез келген уақытында 1403 call-орталығына қоңырау шалу арқылы жолдардың жай-күйі туралы ақпарат ала алады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
