Қызылорда облысында алимент төлемеген төрт адам сотталды
Осыған дейін оларға алимент төлемегені үшін бірнеше рет айыппұл салынған
Қызылорда облысы Арал ауданында алимент төлеуден жалтарған төрт адам бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оларға Қылмыстық кодекстің 139-бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) қылмыстық жауапқа тартылды.
Алимент төлеуден жалтарғандардың жалпы қарызы 8,1 млн теңгені құрайды. Олар осы әрекеті үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар жыл басынан 16 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 8 млн теңге алимент өндірілген.
«Сотталушылар кінәсін толығымен мойындап, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Үкім заңды күшіне енген», - делінген прокуратура хабарламасында.