19.11.2024, 10:52
Жаңалықтар
Семейде екі шөлмек сыра ұрлаған ер адам 5 жылға сотталуы мүмкін
Ол сатушыға күш қолданған
Фото: Видеодан скриншот
Семейде дүкендердің бірінде екі шөлмек сыра ұрлаған ер адам 5 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мұндай жағдайға ер адамның сыра ұрлау барысында сатушыға күш қолданғаны себеп болып отыр. Ал оқиғаның барысы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
«Полиция жедел әрекет етті. Сергек жүйесінің арқасында қарақшыны жылдам анықтауға мүмкіндік туды, көп ұзамай 44 жастағы күдікті ұсталды», - деп хабарлады облыстық ПД.
Ер адамның әрекеті зорлық-зомбылықпен тонау ретінде қаралып отыр. Ол бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды