$ 497.26  525.21  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сирияға кетіп, террорлық ұйымға қосылған қазақстандық Түркияда қолға түсті

Ол Қазақстанға өз еркімен келіп, жазасын өтеуге дайын екенін айтқан

Сирияға кетіп, террорлық ұйымға қосылған қазақстандық Түркияда қолға түсті
Фото: ҰҚК

Халықаралық террорлық ұйымға қатысы бар деген күдікті Анталиядан Алматыға жеткізілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҰҚК мен Бас прокуратура бірлесіп, күдіктіні елге жеткізді.

Белгілі болғандай, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Алайда көп ұзамай Түркияға барғанмен, полиция органдарына ұсталған. Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталды.  

«ҰҚК фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары