$ 497.89  525.12  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Араласудың қажеті жоқ»: АШМ басшысы қызметкерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Министр мұндай жағдайда отставкаға кетуі мүмкін бе?

«Араласудың қажеті жоқ»: АШМ басшысы қызметкерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Фото: gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ведомствоға қарасты Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

«Іс сотқа жеткенде белгілі болады. Жиналыс, кездесулер өткізіп, барлығына хабарлаймыз. Өзім бұл мәселеге қатысты бірнеше рет пікір білдірдім. Ешнәрсеге араласудың қажеті жоқ. Ол өзі жауап беруі тиіс», - деді Сапаров дүйсенбі күні Мәжілісте өткен брифингте.

Ол сондай-ақ отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді.

«Барлығы заң аясында қабылданады. Сот қандай шешім шығаратынын білмейміз. Әзірге бірнәрсе айтудың өзі ерте. Ешкім жауапкершіліктен құтылған емес», - деді министр.

Дегенмен министр қарамағындағы қызметкерін сот кінәлі деп тапқан жағдайда жауапкершілікті көтеріп, орнына кетуге дайын екені туралы нақты жауап берген жоқ.

«Соттың шешімін күтеміз. Содан кейін жауап береміз», – деп түйіндеді ол.

Серіктес жаңалықтары