$ 497.89  525.12  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Біздің қатысымыз жоқ»: министр Алмасбек Садырбайдың ұсталуына қатысты пікір айтты

Ол құқық қорғау органдары мән-жайды білетінін айтты

«Біздің қатысымыз жоқ»: министр Алмасбек Садырбайдың ұсталуына қатысты пікір айтты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Мәжілісте Алмасбек Садырбайдың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біріншіден, бұған (Алмасбек Садырбайдың ұсталуына) біздің қатысымыз жоқ. Ол Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкері емес. Құқық қоррғау органдары ұстап жатса, олар оның неге ұстағанын өздері де білетін шығар.

Бұрын да айтқанмын. Қазір де қайталайын. Субсидияны облыстар береді. 2023 жылдан бастап оны бердік. Біз АШМ-да тек ережені қабылдаймыз. Енді субсидия алатын адам өтініш бергенде (құжаттың) астына «Жауапкершілікті мойныма аламын» деп қолын қояды. Сондықтан (Алмазбек Садырбайдың) неге ұсталғанына пікір бере алмаймын, оны білмеймін. Сондықтан ол (субсидияны) қай облыстан алғанын (істі тергеп жатқан) қызметкерлер білетін шығар»,- деді министр.

Еске салсақ, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбайдың аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекеті әшкереленгені хабарланды. Оған 1,2 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылды.

 

Серіктес жаңалықтары