18.11.2024, 04:00
Жаңалықтар
Абиба Әбужақынова Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атанды
Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды
Фото: Olympic.kz
Белгілі дзюдошы, әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Абиба Әбужақыноваға «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері» атағы табысталды. Сүйінші жаңалықты дзюдошы өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында спортшыға құрметті атақ куәлігін ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов табыстады.
Абиба Әбужақынова — дзюдодан Қазақстанның танымал спортшысы, 3-ші дан (IJF) иегері, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ол 2022 және 2024 жылдары өткен әлем чемпионаттарының қола жүлдегері, сондай-ақ 2021 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды