16.11.2024, 16:12
Жаңалықтар
Ақмола облысында алтынды заңсыз өңдеген екі цех анықталды
Сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото: depositphotos.com
Ақмола облысының полицейлері Заводской ауылында алтын құрамды материалды заңсыз өңдейтін екі шағын цехты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оперативті-іздестіру және рейдтік іс-шаралар барысында құқық қорғау органдары жалпы көлемі:
- 6 ұсақтағыш қондырғы,
- 7 электр қозғалтқыш,
- 2 жуатын үстел,
- 30 қап алтын құрамды материал тәркіледі.
Заңсыз жабдықтардың иелері Заводской мен Степногорск қалаларының тұрғындары екені анықталды. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бағалы металдардың заңсыз айналымы үшін ірі көлемде айыппұл салу немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды