14.11.2024, 07:50
Жаңалықтар
Қарағанды облысында өз бетімен жағаға жете алмай қалған балықшылар құтқарылды
Оларға медициналық көмек қажет болмады
Фото: depositphotos.com
Қарағанды облысында өз бетімен жағаға жете алмай қалған балықшылар құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Балқаш көлінің жағасынан 22 шақырым солтүстік-шығыс бағытта қайықтың ақаулығынан екі балықшы өз бетінше жағаға жете алмай қалған.
Жедел құтқару жасағының құтқарушылары көрсетілген координаттар бойынша дереу шықты.
«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында құтқарылған балықшылар жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
16.09.2026, 06:14
Алматыда прокурордың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады: полиция ресми түсініктеме берді
16.09.2026, 12:32
«Боди массаж жасайды»: экс-әйеліне маза бермеген Нұрсұлтан Жақсыген ақыры сотталып тынды
Бүгін, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
16.09.2026, 22:09
Астанада BMW жүргізушісі дрифт жасаймын деп бағанаға соғылды (ВИДЕО)
16.09.2026, 09:58
Елена Рыбакина биыл турнирлерден қанша табыс тапты