13.11.2024, 20:41
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Молдова президентімен кездесті
Президенттер екіжақты жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты
Фото: t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Молдова президенті Майя Сандумен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
СОР29 Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова президенті Майя Сандумен кездесу өткізді.
Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды, ең алдымен, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуде Майя Санду келесі жылы Астанада Молдова елшілігінің ашылуы елдеріміз арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ президенттер екіжақты жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
