$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған адамды азаптаған полицейге қатысты сот үкімі шықты

Оқиға 8 қаңтар күні Алматыда болған

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған адамды азаптаған полицейге қатысты сот үкімі шықты
Фото: istockphoto.com

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде учаскеге жеткізілген адамды азаптаған полицейге қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 2022 жылдың 8 қаңтар күні қаңтар оқиғасы болып жатқан уақытта жаппай тәртіпсіздіктер кезінде болған.

Белгілі болғандай, Алмалы ауданының полиция басқармасына ер адам жеткізілген. Құқық қорғау органының қызметкері оны азаптап, физикалық күш қолданған.

Істі арнайы прокурорлар тексеріп, қызметкердің кінәсін толық дәлелдеді.

«Соттың үкімімен кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісімді ескере отырып, сотталушыға арнаулы атағы мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы