Шымкентте екі адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Шымкентте екі адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкент ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзған және көліктердің соқтығысуына жол берген жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Анықтаушы Мадияр Мантеевтің айтуынша, үш автокөліктің қатысуымен болған ЖКО 9 қарашада күндізгі уақытта Қ.Төлеметов көшесінде орын алған. Нәтижесінде Daewoo Nexia жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.
Сондай-ақ, полицей қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жолда мұқият болу және қозғалыс қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.