$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«6 сағат ішінде 16 млн теңге жиналды»: блогер Фариза Төреәлі емге ақша жинап жатыр

Ол үш баланың әкесіне көмектеспек

«6 сағат ішінде 16 млн теңге жиналды»: блогер Фариза Төреәлі емге ақша жинап жатыр
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/?hl=ru

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі жол апатына түскен 3 баланың әкесінің еміне ақша жинауды бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осыған дейін блогер 24 сағатта онкологиясы бар әпкесіне 46 млн теңге жинап бергенін айтты.

«Қазір Ерлан бауырымыз үшін ақша жинауға Алла сезім салды. 3 баланың әкесі қазір аяғының емімен арпалысып жүр. Аяғына тұрып, жүріп кетуіне себепші болсақ, қандай бақыт?! 2021 жылы жол апатына түсіп, аман қалған. Оң аяқ 1 жерден, сол аяғы 3 жерден сынған. Осы уақытқа дейін 12 ота жасалған екен. Қазір Кореяға ем іздеп барған. Тағы 6-7 ота керек екен. Ол үшін 80 млн теңге қажет», - дейді ол.

Блогер 5 минутта 1 млн теңге жиналғанын айтты.

«Ол адамдарды мың, екі мың теңге болсын, аударуға шақырды. Осылайша, 6 сағатта 16 млн теңге жиналды», - дейді ол.

Блогер ақша жинауды әлі де жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары