$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында ер адам ауылдасының бір үйір жылқысын ұрлады деген күдікпен ұсталды

Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр

Алматы облысында ер адам ауылдасының бір үйір жылқысын ұрлады деген күдікпен ұсталды
Фото: istockphoto.com

Алматы облысындағы Жамбыл ауданының Ақсеңгір ауылының тұрғыны жайылымнан 14 бас жылқы ұрлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оқиға 7 қарашада 39 жастағы жергілікті тұрғын 14 бас жылқының жоғалып кеткенін мәлімдеген кезде белгілі болды. Келтірілген шығын 12 миллион теңгені құрады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды», – деп атап өтті Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Данияр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері «ізін суытпай» күдіктінің жеке басын анықтады, ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.

«Күдікті ұрланған малдарды сатып үлгерген. Қазіргі уақытта жәбірленушіге жылқылардың бір бөлігі қайтарылды, ал ұрланған малды сатып алушыға қатысты тексеру жүргізілуде», – деп толықтырды А.Данияр.

Күдіктіге қатысты сот «қамауда ұстау» шарасын белгіледі. Полиция ер адамның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеу жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары