Қызылордада есірткі жарнамалайтын 50-ден астам граффити-жазу өшірілді
Биыл өңірде 286 есірткі қылмысы тіркелген
Қызылорда қаласында есірткі жарнамалайтын 50-ден астам граффити-жазулары өшірілді. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биыл өңірде 286 есірткі қылмысы тіркелген. Оның ішінде 72 есірткі өсіру, 18 өткізу, 6 аса ірі көлемде сақтау, 18 жарнамалау және 107 теріс қылық жағдайы тіркелген.
«Облыс орталығында есірткі жарнамасы бар граффити жазуларды өшіру бойынша ауқымды акция өтті. Оған полиция қызметкерлері, студенттер мен еріктілер белсене қатысты. Профилактикалық жұмыстарды нығайту үшін қала, аудан жасөспірімдері арасында есірткі заттарының алдын алу үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Оған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі қызметкерлері, оқушы, ата-аналар мен оқытушылар қауымы қатысты», - делінген ПД хабарламасында.