11.11.2024, 06:47
Жаңалықтар
Самбодан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы екінші орынға тұрақтады
Соңғы күні қазақстандық спортшылар бір алтын, үш күміс және екі қола жеңіп алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен спорттық, жауынгерлік самбо және самбодан зағиптар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Туризм министрлігінің Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Соңғы күні қазақстандық спортшылар бір алтын, үш күміс және екі қола жеңіп алды.
- Алтын - Нұрила Асанқызы (жауынгерлік самбо, +80 кг);
- Күміс - Талғат Жиентаев (жауынгерлік самбо, +98 кг);
- Күміс - Бақытжан Дүйсембеков (жауынгерлік самбо, 79 кг);
- Күміс - Серікбай Негмет (спорттық самбо, 71 кг);
- Қола - Қымбат Ахмет (жауынгерлік самбо, 50 кг);
- Қола - Асқар Қайыров (зағиптарға арналған санат, 98 кг).
Жалпы қорытынды есепте медаль саны бойынша Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды.
- 1-орын. Бейтарап ел (FIAS-1) - 16 алтын, бес күміс, бес қола
- 2-орын. Қазақстан - үш алтын, бес күміс, тоғыз қола
- 3-орын. Бейтарап ел (FIAS-2) - үш алтын, екі күміс, төрт қола
Бұған дейін біздің спортшылар 2014 жылы Жапонияда өткен әлем чемпионатында жалпы есепте осындай жоғары екінші орынға ие болған.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды